"Білімім Отаныма" Соңғы қоңырау кеші
Соңғы қоңырау — мектеп өміріндегі ең әсерлі әрі есте қаларлық сәттердің бірі. Бүгін Медеу ауданындағы №220 мектепте соңғы қоңырау салтанаты ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Биыл 11-сыныпты 17 түлек тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты. Мерекелік шара барысында тек түлектер ғана емес, барлық оқушылар да белсенді қатысып, ұстаздарына алғыс айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мектеп ауласын шат күлкі, әсем ән мен ыстық естеліктерге толы әсерлі сәттер кернеді. Түлектерге ақ жол, асқақ арман, жарқын