25
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы қаласы, Медеу ауданы №220 ЖББМ мұғалімдері сенбілікке белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тапсырмасымен тығыз байланысты. Президент атап өткендей, тазалық – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Сенбілік барысында ұстаздар мектеп аумағын тазалап қана қоймай, гүл екті, шырша екті, айналаны көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Әрбір отырғызылған гүл мен шырша – табиғатқа деген қамқорлықтың және болашаққа деген жауапкершіліктің белгісі.
Ұстаздардың бұл еңбегі – жас ұрпаққа үлгі. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау, туған жерге жанашыр болу – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Тазалық – мәдениеттің айнасы. Бірге әрекет етіп, елімізді таза әрі көрікті етейік!