«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы қаласы, Медеу ауданы №220 ЖББМ мұғалімдері сенбілікке белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тапсырмасымен тығыз байланысты. Президент атап өткендей, тазалық – әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.